М«Мирас» ұлдар клубы – мектеп оқушыларына арналған тәрбиелік-танымдық бірлестік. Клубтың негізгі мақсаты – ұл балаларды ұлттық құндылықтарға баулу, адамгершілік қасиеттерін дамыту, жауапкершілікке, сыйластыққа және отансүйштікке тәрбиелеу.
Клуб жұмысын тарих пәні мұғалімі Альжанов Жандос Серикович басқарады. Биылғы оқу жылында 5-7 сынып оқушыларының ұл балаларынан клуб мүшелері жасақталды. Клуб жұмысы барысында оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық тәрбиесі, ер азаматқа тән мінез-құлық нормалары кеңінен насихатталады. «Мирас» ұлдар клубы түрлі тәрбиелік кездесулер, пікір алмасулар, шеберлік сабақтары, спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.
Клуб мүшелері үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, еңбекқорлық, тәртіптілік және өз болашағына жауапкершілікпен қарау сияқты маңызды өмірлік қағидаларды меңгереді.
Ұлдармен бірлесе өткізетін іс шараларға мектебіміздің Даналық мектебінің Әкелер одағы жиі қолдау көрсетіп отырады.
«Мирас» ұлдар клубы – ұлттық рухты сақтай отырып, жан-жақты дамыған, саналы әрі тәрбиелі азамат қалыптастыруға бағытталған мектептегі маңызды бастамалардың бірі.
