KZ RU
Танымдық жоба

«Әлем қуыршақтары» жобасы

Әлем мәдениеттері • Ұлттық құндылықтар • QR арқылы ақпарат

«Әлем қуыршақтары» – мектеп қабырғасында ұйымдастырылған танымдық жоба. Жобаның мақсаты – оқушыларды әлем елдерінің мәдениетімен, салт-дәстүрімен және тарихымен таныстыру, көпұлтты құндылықтарға құрмет қалыптастыру.

Жоба аясында әртүрлі мемлекеттердің ұлттық киімдерін киген қуыршақтар топтамасы жасалып, мектеп дәлізіндегі арнайы сөрелерге қойылған. Әр қуыршақтың жанында сол елдің мемлекеттік туы бейнеленген. Сонымен қатар, қуыршақтардың қасына QR кодтар орналастырылған.

QR кодтарды сканерлеу арқылы оқушылар мен қонақтар әр халықтың салт-дәстүрі, ұлттық ерекшеліктері және қысқаша тарихы туралы қосымша ақпарат ала алады.

Жоба барысын іске асыруда бірқатар оқушылар танымдық қызығушылық танытып, түрлі ұлттық киімдер киген қуыршақтар коллекциясын жинауды әдетке айналдырған. Бұл жоба оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, зерттеушілік қызығушылығын арттыруға бағытталған. Түрлі ұлт өкілдерімен достастырып, сол ұлтқа деген құрмет, сыйластық сезімдерін шыңдай түседі.