KZ RU
Қауіпсіз білім беру ортасы • Профилактика

Мектептегі құқықбұзушылықтың алдын алу жұмысы

Құқықтық сауаттылық • Ішкі тәртіп • Түсіндіру жұмыстары

Мектепте оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мектептің ішкі тәртібінің сақталуы және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Құқық кеңесі, мобильді топ құрамдары мектеп директорының бұйрығымен құрылған.

Мектепте кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция майоры А. С. Құдайберегнова тағайындалған.

Әр дүйсенбі күні сыныптар акт залында құқықтық сауаттылық алу мақсатында дәріс сабақтарына жиналады. Түрлі тақырыптарда: жасөспірімдердің құқықтық жауапкершіліктері, зиянды заттарды сату мен пайдаланудың алдын алу, тәртіпсіздік пен бұзақылық, буллинг, жолда жүру ережесін сақтау және т.б. тақырыптарда лекциялар өткізіледі.

Айына бір рет Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі өтіп, мектептің ішкі тәртібі мен құқықбұзушылыққа жол берген оқушылармен және олардың заңды өкілдерімен (ата-аналарымен) кеңестер жүргізіліп, хаттамалар толтырылады.

Жыл бойы мектептің әлеуметтік педагогы, психологы, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, құқықтық бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырды. Атап айтқанда, оқушыларға арналған құқықтық тәрбие сағаттары, түсіндіру жұмыстары, әңгімелесу, пікірталастар өткізілді.

Сонымен қатар, ішкі тәртіп ережелері мен мектеп жарғысы кеңінен түсіндіріліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың салдары жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Қауіп тобына жататын оқушылармен жеке жұмыс жүргізіліп, ата-аналармен тығыз байланыс орнатылды. Психологиялық қолдау көрсетіліп, кеңес беру жұмыстары жүзеге асырылды.

Нәтиже: атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың құқықтық мәдениеті артып, мектепте тәртіп сақтау деңгейі жақсарып, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табуда.